Шөкеев спектакль қоюға неге 246 миллион теңге жұмсалғанын түсіндірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шөкеев спектакль қоюға неге 246 миллион теңге жұмсалғанын түсіндірді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бір спектакль қоюға неге 246 миллион теңге жұмсалғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бір спектакль қоюға неге 246 миллион теңге жұмсалғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіз Түркістан музыкалық драма театрындағы "Бөрте" спектаклінің бір қойылымы үшін 246 миллион теңге жұмсау тым қымбат деп ойламайсыз ба? Басқа қалаларда осындай спектакльдер 4-5 миллион теңгеге шығады. Оған қоса тендерге театр директоры қатысқан. Қалай ойлайсыз, бұл қаншалықты дұрыс және мұндай шығын қаншалықты орынды", - деп сұрады Шөкеевтен журналист ОҚК брифингінде.

Өмірзақ Шөкеев журналист пікірімен келіспеді.

"Олай ойламаймын. Сметаны түгелдей тексердік, ол жерде артық ештеңе қарастырылмаған. Бұл мүлдем жаңа театр екенін ескерсек, декорациялар, костюмдер, авторлар мен режиссерлердің қаламақысы, актерлердің жалақысы - бәрі орынды. Тексеру көрсетті.

Жалпы, керісінше, Түркістанға келген осы театр ұжымына алғысымыз шексіз. Олардың барлығы астанада, соның ішінде шетелде жұмыс істеген. Ал алғашқы қойылым осындай жоғары деңгейде қойылды. Бүгінде бұл театрды, "Бөрте" спектаклін қаламыздың көрнекті беткеұстары деп атауға болады. Бұл театрды көруге Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа да қалалардан адамдар арнайы келеді", - деді Шөкеев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети