19 қараша 2021 | 15:49

Шөкеев Түркістан облысындағы туристер саны туралы ақпарат қате екенін айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Массагет/Ернар Алмабек Фото: Массагет/Ернар Алмабек

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев агенттіктердің бірі өңірдегі туристер санын дұрыс есептемегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев агенттіктердің бірі өңірдегі туристер санын дұрыс есептемегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Түркістан облысы өңірлер арасында туризмді дамытуға көп қаражат алады. Неліктен шетелдік туристер аз келеді? Түркістан облысы туристер келуі бойынша 15-орында, бұл - 870 адам, ал Қостанай облысына 5400 адам келген", - деп сұрады журналист ОКҚ брифингінде.

Шөкеевтің айтуынша, карантин кезіндегі шектеулерге байланысты туристер саны төмен болып отыр. Сонымен қатар, инфрақұрылым әлі де дамып келеді.

"Әуежай енді жұмыс істеп жатыр, қазір Ыстамбұл, Бішкек және Ташкентке бірнеше рейс бар. Мысалы, Қытай жабық. Ресейден де туристер жоқ. Өзбекстанмен шекара жабық. Инвестицияға келетін болсақ, туризмге 80 миллиард теңге жұмсалған жоқ. 80 миллиард теңге қаланың жалпы инфрақұрылымына кетті", - деп түсіндірді әкім.

Сондай-ақ, ол аймақта туристер дұрыс саналмаған деп есептейді.

"Бұл талдауды жасаған агенттік қонақүйлердегі бос орындар саны бойынша есептейді. Қонақ үйлерді сол қалалармен салыстыруға болмайды. Біз енді салып жатырмыз. Өткен жылы бес қонақүй салынды, содан кейін біз мың орынға жеттік. Бірақ әлі де өсеміз.

Екіншіден, біздің туристердің көпшілігі - бір күнге келетін зиярат етушілер. Олар жеке секторда тоқтайды, егер олар қалса, бірақ кейде мүлдем тоқтамайды. Егер кесенеге билет алғандарды (Қожа Ахмет Ясауи кесенесі) қарасақ, 10 айдың ішінде Түркістанға 1,5 миллион турист келген. Сіз айтқандай емес, 800 немесе мың емес.

Бұл сандар қайдан шыққаны мүлде түсініксіз. Бұл туралы бірнеше рет айттық, менің орынбасарларым, туризм басқармасы түсінік берді. Бірақ қате талдау жарияланады, неге екені белгісіз. Қазір барлығы Түркістанды қолдау үшін жұмыс істеп жатыр. Шынында да, оған халықаралық туризм орталығы болуға көмектесу керек. Бірақ бұған қарсы адамдар бар. Олар мұны әдейі жасайды", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети