23 желтоқсан 2022 | 20:43

"Шөлдала" тұрғындары ауыз судан таршылық көрмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көне шаһар Тараз күн өткен сайын құлпырып, дамудың даңғыл жолына түсуде. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыда да тың серпілістер жетерлік. Сондықтан болар шекарасы кеңейіп, халық саны да күннен-кенге көбеюде.


Иконка комментария блок соц сети

Көне шаһар Тараз күн өткен сайын құлпырып, дамудың даңғыл жолына түсуде. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыда да тың серпілістер жетерлік. Сондықтан болар шекарасы кеңейіп, халық саны да күннен-кенге көбеюде.

Облыс орталығына қарасты елді мекендерде қазір көптеген игілікт істер жасалуда. Нақты айтар болсақ, келер жылдан бастап "Шөлдала", "Казарма" "28 саяжай" алқабтары ауызсудан таршылық көрмейтін болады. Осы кезге дейін бағасы шарықтап тұрған электр энергиясының тарифтері төмендетіліп, тұрғындар сұранысымен көгілдір отын, қоғамдық көлік мәселесі күн құрғатпай өз шешемін табуда. Осылайша шаһардың іргесіндегі ауылдардың коммуналдық мәселелері біртіндеп шешілуде.

"Алқап газ және жарықпен толық қамтамасыз етілген. Енді міне ауыз суға да қол жетіп, тұрғындардың қуанышында шек болмауда. Сондай-ақ бұрын жарықтың тарифіне 25 теңгеден төлеп келсек, биыл ол 15 теңгеге арзандатылып отыр", - дейді "Шөлдала" алқабының тұрғыны Рустам Дүйсенбаев.

Мердігер компанияның басшысы Әбен Әбірешов болса, құрылыс жұмыстары қырық пайызға аяқталғанын айтады.

2018 жылдан бастап облыс орталығының аумағына қарайтын бұл алқаптардың тұрғындары қолжетімді электр жарығымен қоса қоғамдық көлікке де зәру еді. Қазір мұнда үш бағыт бойынша автобустар қатынауда. Оның бір бағыты екі апта бұрын іске қосылған.

"Кеңес үкіметі кезінде салынған сумен жабдықтау жүйелерінің бәрінің қазір тозығы жеткен. Келер жылы бұл бағыттағы жұмыстардың барлығы аяқталып, халық игілігіне қызмет ететін болады", - дейді Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Елдос Кеңесбеков.

Жауаптылардың айтуынша, қала аумағына қарасты тозығы жеткен 426 көшенің ауыз су желілері зерделеніп, 2025 жылға дейін оларды күрделі жөндеуден өткізу де жоспарланып отыр екен.

Осылайша қала іргесіндегі ауылдардың мәселесі кезең-кезенімен өз шешемін табуда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материал Жамбыл облысының әкімдігімен ұсынылған
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети