Шолпан Каринова оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шолпан Каринова оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды Primeminister.kz

Шолпан Каринова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шолпан Каринова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарламасында.

Шолпан Каринова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Шохан Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген. Еңбек жолын 1994 жылы орта мектеп мұғалімі болып бастады.

1998-2003 жылдары білім беру ұйымдарында оқытушылық және аударма қызметімен айналысқан.

2004-2005 жылдары – СҚО Тайынша ауданы №5 орта мектебінің директоры.

2005-2012 жылдары СҚО Тайынша ауданының білім бөлімінде; Тайынша қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде; Петропавл қаласы, СҚО Білім басқармасында басшылық қызмет атқарған.

2012-2013 жылдары – Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары.

2013-2017 жылдары – Петропавл қаласы, СҚО Білім басқармасы басшысының м.а.

2017-2018 жылдары – ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары – Астана қаласындағы "Назарбаев Зияткерлік мектебі" Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары.

2019-2022 жылдары – ҚР білім және ғылым вице-министрі.

2022 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып қызмет атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети