БҚО-да полиция, құтқарушылар мен әскери қызметшілер шөпқорада ұйықтап қалған бесінші сынып оқушысын түні бойы іздеді, - деп хабарлайды "Мой город".
БҚО-да полиция, құтқарушылар мен әскери қызметшілер шөпқорада ұйықтап қалған бесінші сынып оқушысын түні бойы іздеді, - деп хабарлайды "Мой город".
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, 14 мамырда сағат 22.30 шамасында Бәйтерек ауданы, Дарьинское аулында 2010 жылы туған бала үйінен шығып кетіп, оралмаған. Бала сиырларды қарсы алуға шыққан. Телефонын алып кетпеген.
Көп ұзамай ауылда жоғалған баланы іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды - Приуральное полиция бөлімінің қызметкерлері, ҰҚКД шекара заставасының әскери қызметшілері және Дарьинское аулы өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмылды.
"Таңғы сағат бесте полицейлер баланы тапты. Тірі, ешбір зақым жоқ. Ол үйіндегі шөпқорада ұйықтап қалған", - деді полицейлер.
Бәйтерек ауданында осыған ұқсас жағдай осыдан бір жыл бұрын де болғаны хабарланды. Сол кезде полицейлер мен еріктілер жоғалып кеткен тоғыз жастағы баланы Зеленое аулында іздеген. Ал бала көршісінің шөпқорасында ұйықтап қалған болып шықты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!