24 шілде 2020 14:04

Шорнақ аулының маңында 80-нен аса адам ұсталды - әкім орынбасары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысындағы Шорнақ аулына жақын жерде 80-нен астам адам ұсталды. Бұл туралы Facebook-те аймақ әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысындағы Шорнақ аулына жақын жерде 80-нен астам адам ұсталды. Бұл туралы Facebook-те аймақ әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өткен түнде құқық қорғау органдары Шорнақ аулының маңында басқа аудандар мен аймақтардан келген 80-нен астам жігітті ұстады. Олар мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған жалған шақыртулардан соң келген. Түні бойы Кентау әкімімен бірге елді мекенді аралап шықтық. Тұрғындар үйлерінде тыныш ұйықтап жатты", - деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысында Шорнақ ауылында тұрғындар арасында жанжал туындағаны хабарланған еді.

Сәтбаев пен Шорнақтағы оқиғалар: Тоқаев нақты ақпарат беруді тапсырды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети