24 шілде 2020 | 12:06

Сәтбаев пен Шорнақтағы оқиғалар: Тоқаев нақты ақпарат беруді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы оқиғаларға байланысты Президент Әкімшілігінің басшылығымен, Түркістан және Қарағанды облыстарының әкімдерімен, құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өткізді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дер кезінде қабылданған шешімдердің арқасында Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы жағдай тұрақталды. Тәртіпсіздіктің қайталануына ешқандай себеп жоқ. Президент жағдайды бақылауда ұстап, жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, ел ішіндегі тұрақтылықты бұзуға талпынған арандатушылардың алдын алуды, құқық бұзушыларды заң аясында жауапкершілікке тартуды тапсырды. Сонымен қатар ол аталған аймақтардағы халықтың ең басты әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне назар аудару керек екенін айтты", - деп жазды Берік Уәли.

Сондай-ақ, Тоқаев құқық қорғау органдарына кәмелет жасына толмаған қызды зорламақ болды деген күдікпен ұсталған Сәтбаев қаласының тұрғынына қатысты тергеу жұмыстарын жан-жақты жүргізіп, оның қорытындысы туралы жұртшылыққа нақты ақпарат беру туралы тапсырма берді.

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысында Шорнақ ауылында тұрғындар арасында жанжал туындағаны хабарланған еді.

Сонымен қатар, Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында да жанжал шыққан. Тұрғындар баланы ұрлады деген күдікке ілінген адамды тергеусіз жазалауды талап еткен. Жоғалған қызды іздеу барысында ашуланған тұрғындар полиция ғимараты маңындағы көліктерді өртегені хабарланған. 

Артынша ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осы екі жағдайға қатысты пікір білдірген болатын.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети