24 шілде 2020 | 08:52

Сәтбаевта 5 жасар қыз жоғалды. Күдіктіні тұрғындар жазаламақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Қарағанды облысында Сәтбаев қаласының тұрғындары кішкентай қызды ұрлады деген күдіктіні өздері жазаламақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысында Сәтбаев қаласының тұрғындары кішкентай қызды ұрлады деген күдіктіні өздері жазаламақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 шілдеде кешке қалада бес жасар қыз жоғалып кетті. Оны іздеуге барлық тұрғын жиналды. Қызды тұрғындар даладан, тұрғын үй аулаларынан, көпқабатты үйлерден іздеген. Ерден көшесінің бойында жергілікті балалар тұрғындарға жоғалып кеткенге дейін қызды өз ауласында көргенін айтқан.

Қыздың туыстары, қала тұрғындары мен полицейлер аталған үйдегі әрбір пәтерді аралап шықты. Олар айғайлап, оны дауыс зорайтқыш арқылы шақырды. Көп ұзамай пәтерлердің бірінде баланың даусы естілді. Полиция қызметкерлері осы пәтерге басып кіріп, баланы тапты. Пәтерде ер адам болған. Оның кішкентай баланы неге үйінде ұстағанын тергеу жұмыстары анықтайды.

"Бала қазір ауруханада. Күдікті ұсталды. Алайда, бірнеше ондаған адам күдіктіні ұстап беруді талап етіп жатыр. Тәртіпсіздіктердің жолын кесу үшін құқық қорғау органдары тәртіпті күшейткен. Қарағанды облысының полиция департаменті қоғамдық тәртіп пен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдады", - деп хабарлады Қарағанды облысының ЖП баспасөз қызметі.

Жергілікті тұрғындар кішкентай қыз табылған үйдің алдына жинала бастаған. Олар күдіктіні жазалау үшін бірнеше рет күдіктінің үйіне басып кірмек болған. Адамдар жиналған жерде түсірілген видео желілерде тарап жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети