24 шілде 2020 | 11:20

Министр Сәтбаев пен Түркістан облысындағы оқиғаларға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтбаев пен Түркістан облысындағы оқиғаларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтбаев пен Түркістан облысындағы оқиғаларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін Түркістан облысында Шорнақ ауылында тұрғындар арасында жанжал туындағаны хабарланған еді. 

"Елімізде екі оқиға болды. Ең алдымен, Түркістан облысы Шорнақ ауылында жастар арасында тұрмыстық жанжал болды. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, нәтижесінде 1 учаскелік инспектор мен 3 тұрғын жарақат алды. Оқиға орнына дереу жеткен полиция учаскелік инспекторы жарақат алғанына қарамастан, заңбұзушылықтың жолын кесті", - деді министр. 

Тұрғымбаевтың айтуынша, жедел іздестіру шаралары барысында жанжалға қатысқан 4 азамат анықталып, ұсталды.

"Қазіргі кезде жанжалдың неден шыққаны, барлық мән-жай тексеріліп жатыр. Бұзақылық фактісі бойынша тергеу жумыстары жүргізілуде. Бірақ арандатушылар, әлеуметтік желі арқылы тәртіпсіздік жасауға шақырып, жалған ақпараттар таратқан. Полиция қызметкерлері бұл заңсыз әрекеттердің жолын кесті. Бұл үшін, Заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертемін", - деді ол.


Желідегі видео кадрларынан  

Министрдің сөзінше, ауылдағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері өз жұмысын күшейткен. Қазір жағдай тұрақты.

Сонымен қатар, Тұрғымбаев Сәтбаевта болып жатқан қақтығысқа қатысты түсінік берді. 

"23 шілде күні кешкі сағат 9-да Сатпаев қаласының Ішкі істер басқармасына, 5 жасар қыздың жоғалғаны туралы арыз түсті. Дереу іздестіру нәтижесінде бүлдіршін қаладағы бір үйден табылды. Жас қызды зорлады деген күдікпен бір азамат қамауға алынды. Бірақ бірнеше адам күдіктіні өз қолдарына беруді талап етті, жанжал шығарды. Бұзақылық жасап, полицейлерге қарсылық танытты", - дейді министр. 

ІІМ басшысы тәртіпсіздікке жол бермеу үшін қосымша полиция күштері тартылып, жағдай бақылауға алынғанын айтты.

"Бұл оқиға бойынша бірнеше баппен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Елдегі қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер бар күшін жұмсайды", - деді Тұрғымбаев.


Желідегі видео кадрларынан 

Министр халықты әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды! Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқандарға қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. 

Айта кетейік, Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында тұрғындар баланы ұрлады деген күдікке ілінген адамды тергеусіз жазалауды талап еткен. Жоғалып кеткен 5 жасар қызды оның ата-анасы мен қала тұрғындары іздеген. Жоғалған қыз қаладағы пәтердің бірінде табылған. Онда ер адам болған. Қыздың неге онда болғанын полиция қызметкерлері анықтауы керек. 

Артынша, жоғалған қызды іздеу барысында ашуланған тұрғындар полиция ғимараты маңындағы көліктерді өртегені хабарланған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети