24 шілде 2020 14:48

Бәрі жауапқа тартылуы үшін күшімізді саламыз - Аружан Саин Сәтбаевтағы оқиға туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz Фото Tengrinews.kz

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Сәтбаев қаласындағы оқиғаға байланысты пікір білдірді. Ол қыздың анасымен қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Сәтбаев қаласындағы оқиғаға байланысты пікір білдірді. Ол қыздың анасымен қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балалар омбудсмені зардап шеккен баланың анасымен байланысқанын мәлімдеді.

"Достар, мен Сәтбаев қаласындағы жағдай бойынша баланың анасымен телефон арқылы сөйлесіп тұрамын. Қазір сот-медицина сараптамасы жасалды. Біз заң жағынан және психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудағы алдағы қадамдарымызды ақылдастық. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде мен бұл жағдайды барлық бағыт бойынша қадағалаймын", - деп жазды ол Желідегі парақшасында.

Сондай-ақ ол жағдайды Ішкі істер министрлігі мен Қарағанды облысының әкімдігі бақылауда ұстайтынын айтты.

"Мен осы істі қадағалайтын ювенал қорғаушы тезірек отбасымен байланысқанын өтіндім. Сондай-ақ жақсы психолог керек. Себебі балаларға қатысты қылмыстық істерде психолог араласуының маңызы зор. Бірнеше жылдан бері бізге балаларды зорлау фактілерін қарауға тура келіп жүр. Мұндай қылмыс туралы естудің өзі қиын, балалар мен олардың ата-анасына қалай ауыр екенін елестетудің өзі қиын. Балаларға қарсы осындай қылмыс жасағандардың бәрі жауапқа тартылуы үшін бар күшімізді саламыз", - деп жазды Аружан Саин.

Еске салайық, өткен түнде Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында жанжал шыққан болатын. Тұрғындар баланы ұрлады деген күдікке ілінген адамды тергеусіз жазалауды талап еткен. Жоғалған қызды іздеу барысында ашуланған тұрғындар полиция ғимараты маңындағы көліктерді өртегені хабарланған. 

Артынша ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осы екі жағдайға қатысты пікір білдірген болатын. "Ұрлау" және "Зорлау" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы оқиғаларға байланысты Президент Әкімшілігінің басшылығымен, Түркістан және Қарағанды облыстарының әкімдерімен, құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өткізген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети