Tengrinews.kz фототілшісі Шортандыдағы газ баллоны жарылуынан екі отбасы зардап шеккен қайғылы оқиға орнына барып қайтты.
Tengrinews.kz фототілшісі Шортандыдағы газ баллоны жарылуынан екі отбасы зардап шеккен қайғылы оқиға орнына барып қайтты.
16 қарашада Шортанды қаласындағы Линейная көшесіндегі №2 пәтердің тұрғындары отбасылық шара өткізуді ұйғарып, туыстарын қонаққа шақырған. Пәтерге барлығы 13 адам жиналған. Оқиға орнынан таралған фотоларға қарап, жарылыстың да, өрттің де жойқын болғанын аңғарасыз.
Құтқарушылар тұрғындар газ баллонын пайдалану ережесін бұзған деп болжайды. Олар әуелі жарылыс болжам бойынша газдың шығуынан болғанын, кейін өрт шығып №2 пәтердің шатыры опырылғанын айтты.
Өртсөндірушілер жеткен сәтте үш пәтердің де шатырын жалын шарпыған. Үйінді астынан үш адамның мәйіті табылған, олардың бірі төрт жасар бала.
Сондай-ақ, әкімдік 1987, 1988, 1964, 1981, 1988 жылы туған ересектер мен 2015, 2009, 2012, 2020, 2010 жылы туған балалар зардап шеккенін хабарлады.
2017 жылы туған бала мен 1989 және 1988 жылы туған екі ересек адам қаза тапты.
Жарылыстан көбіне балалар зардап шеккен. Зардап шеккендердің екеуі екі жастан аспаған, қалғандары 6 жаста, тағы екеуі 10 және 11 жаста.
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы кәмелет жасына толмаған үш баланың жағдайы аса ауыр екенін мәлімдеді. Балаларды 60-70 пайыз күйік шалған, жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
"Тиісті ем алып, шокқа қарсы терапия жүргізіліп жатыр. Офтальмологпен, комбустиологпен бірге профессор Малтабарова, аурухана меңгерушісі және басқа да білікті дәрігерлер балаларға жақсы қарап, тексеріп жатыр. Балалардың жағдайы тұрақты", - деді дәрігерлер.
Тағы екі баланың денесінің 10 және 20 пайызын күйік шалған. Олардың бірінің өрт кезінде бетіне зақым келген.
"Күйік бөліміне ауыстырып жатырмыз, жағдайы тұрақты, антибиотикалық терапия қабылданып жатыр. Соққыдан айығу белгілері бар. Жағдайы тұрақты", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Қаза тапқандардың отбасы туыстарының үйіне орналастырылды. Әкімдік өрттен зардап шеккендерге екі пәтер бөлінгенін, қаза болғандардың жерлеу рәсімі ұйымдастырылатынын, отбасыларына көмек көрсетілетінін хабарлады.
Шортанды ауылы Нұр-Сұлтан қаласынан 75 шақырым жерде, Көкшетауға шығатын темір жол бойында орналасқан. 5 мыңнан астам тұрғыны бар.
Құтқарушылар 8 қарашада азаматтық қорғау мамандары осы пәтерге күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, сондай-ақ тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқаулықтары бар көмірқышқыл газының концентрациясын анықтауға арналған датчик орнату үшін барғанын айтты.
Полицейлер Қылмыстық кодекстің 306-бабының 3-бөлігін "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігіне саралау арқылы сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Мамандар күл мен үйінді астынан біреудің кінәсін қалай анықтайтыны белгісіз.
Еске салайық, бұған дейін 16 қарашада Ақмола облысы Шортанды кенті Линейная көшесінде газ баллоны жарылғаны хабарланған болатын. Жарылыстан 3 адам қаза тауып, 10 адам ауруханаға жатқызылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!