27 қараша 2021 | 09:24

Шортандыдағы жарылыс: зардап шеккендерге 30 миллион теңге бөлінді

Ақмола облысының әкімдігі Шортандыда газ баллонының жарылуынан зардап шеккен отбасыларға 30 миллион теңге бөлді, - деп хабарлайды "Хабар 24".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысының әкімдігі Шортандыда газ баллонының жарылуынан зардап шеккен отбасыларға 30 миллион теңге бөлді, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Әкімдіктен бөлінген қаражат пәтер сатып алуға арналған. Сондай-ақ зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

"Бұл үйде 3 пәтер болды, бәрі жарамсыз болып қалды. Тұрғындарымызды тез арада көшірдік. Аудандық көлемде төтенше жағдай жарияланды. Бүгін пәтер сатып алуға 30 миллион теңге бөлдік. Біз көрсеткен көмектен басқа, бүгін мешітіміздің базасында қайырымдылық есепшоты ашылды, қазірдің өзінде 13 миллион теңгеден аса ақша жиналды. Бұл қаражат емделуге де, зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуге де жұмсалады", - деді Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев.

Реклама
Реклама

Бұған дейін 16 қарашада Ақмола облысы Шортанды кенті Линейная көшесінде газ баллоны жарылғаны хабарланған болатын. Жарылыстан 3 адам қаза тауып, 10 адам ауруханаға жатқызылған еді.

21 қарашада жарылыстан зардап шеккен 13 жастағы жасөспірім ауруханада көз жұмған, ал 23 қарашада 10 жастағы қыз жансақтауда қайтыс болған еді.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная