14 қараша 2019 | 13:50

Шпекбаев Мәнізоров жайлы: Ешқандай тапсырыс болған жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың "тапсырыс және аяқтан шалу" дегеніне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың "тапсырыс және аяқтан шалу" дегеніне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ешқандай тапсырыс болған жоқ. Тексеру барысында осындай болып шықты. Осымен нүкте. Бізге прокуратура жауап берген соң, біз сіздерге не істейтінімізді айтамыз", - деді Алик Шпекбаев журналистердің сұрағына жауап беру кезінде. 

Мұның алдында Алматы облысы әкімдігінің өкілдері Мәнізоровтың жұмыстан шығарылмайтынын мәлімдеген еді. Ведомстводағылар Мәнізоровтың әлі де ақысы төленбейтін еңбек демалысында екенін айтқан болатын.

"Ол жұмысқа шықты және өз қызметінің аясындағы міндеттерді орындап жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, 27 қыркүйекте Алматы облысы әкімінің орынбасары абақтыға қамалды деп хабарланған болатын. "Мәнізоров мырза, Алматы облысы әкімінің орынбасары, шынында ұсталды. Біз осыны растаймыз. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның іс-әрекеттерін нақты саралау үшін оған қылмыстық кодекстің қандай бабы бойынша айып тағылатыны және оған қандай бұлтартпау шарасы қолданылатыны қарастырылып жатыр", - деген еді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети