"Шу, үздіксіз тартыстар". Депутат Астанадағы сауда дүңгіршектер желісі туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:smart.astana.kz Фото:smart.astana.kz

Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов Астанада мың сауда павильонын орнату бағдарламасын "сәтсіз" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов Астанада мың сауда павильонын орнату бағдарламасын "сәтсіз" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәслихат отырысында "СПК Астана" басшысы Еркеғали Әлімқұлов "1000 орын – көше саудасы" бағдарламасы 2017 жылдан бері жұмыс істеп жатқанын айтты. Осы уақыт ішінде жерді жалға беруден түскен кіріс - 534,4 миллион теңге.

"Бір шаршы метрді жалға алу құны жылына орта есеппен 20-24 мың теңге. Орта есеппен кәсіпкер жылына 2 миллион теңгеге жуық төлейді. Айына 180 мың теңге. Өнімді жүзеге асырудан түсетін пайда әлдеқайда көп сома болғандықтан оны көтерудің орындылығы бар. Сол жағалауда танымал жерлер бар. Бұл мәселе қазір әкімдікпен талқыланып жатыр", - деді Әлімқұлов.

Ол бағдарламада кемшіліктер бар екенін түсіндірді. Жер бөлу механизмі 15 кезеңнен тұрады және орта есеппен алты айға созылады. Сонымен қатар, кәсіпкерлер өзі учаскелерді таңдайды, ал бекіту кезеңінде олардан бас тартылуы мүмкін, өйткені жер бос емес. Бұл қосымша қолайсыздықты тудырады.

Алайда мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов бұл бағдарламаны үзілді-кесілді сәтсіз деп атады.

"Жобаның өзі басында жақсы болды. Игі істі жұмыс істемейтін бағдарламаға айналдырды. Шынымды айтсам, біз бұл бағдарламаны сәтсіздікке ұшыраттық. Жылдан жылға тек жанжалдар, шу, үздіксіз тартыстар.

830 учаскені таратсақ, оның 235-і тоқтатылды делінетін болса, бағдарлама қаншалықты тиімді болады? Келісімшарттардың 30 пайызын бұздық", - дейді депутат.

Сондай-ақ, ол кейбір павильондар елорданың көркін бұзатынын айтты. Оның айтуынша, дүңгіршектер қала бойынша біркелкі таралмаған.

Ерлан Каналимов жұмыс тобын құрып, барлық нысанды бақылап, бағдарлама жұмыс істемесе, жаңасын құруды ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer