“Шұғыл хабарландыру“: ІІМ желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Шұғыл хабарландыру“: ІІМ желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді

Желіде "шұғыл хабарландыру" тарады. ІІМ тек нақты дереккөздерге сеніп, тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде "шұғыл хабарландыру" тарады. ІІМ тек нақты дереккөздерге сеніп, тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Ішкі істер министрлігі атынан "шұғыл хабарландыру" тарады. Онда "Сирия мен Ауғанстаннан келген кез келген иммигрантпен тығыз қарым-қатынасқа түспеу" ескертілген.

Ақпаратқа қатысты ІІМ баспасөз қызметі пікір білдірді.

"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан "шұғыл хабарландырудың" шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне ғана сеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпауды сұраймыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.63  course up  587.97  course up  6.51  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети