07 тамыз 2014 | 15:43

Шүлбі Семейге төніп тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың назарына!


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың назарына!

Семей қаласынан 70 шақырым биіктікте орналасқан Шүлбі ГЭС-іне қатысты қандай әңгіме қозғалса да семейліктер бей-жай қарай алмайды. Әсіресе, көктем мен жаз айларында. Көктемде ГЭС қоймасындағы судың көтеріліп, лақ етіп ақтарылуға шақ тұратыны туралы қауесеттің құлағы қылтиысымен қала тұрғындарының арасында дүрбелең туса, жазда Шүлбіге суға шомылып қайтуға барғандардың суға кетіп, қайғылы жағдайға ұшырағандары да кездескен.

Қалай дегенмен де су қоймасының жоғарыда тұрғаны етектегі Семейдің тұрғындарына жайлы тие қоймайды. Іргетасы 1976 жылы қаланған су электр стансасының жалпы ұзындығы 63 шақырымды құрайды. Кеме жүзу мүмкіндігі де осал емес: су қоймасының бастапқы және орта бөлігінің тереңдігі 2 метрден 7 метрге дейін барады. Нақты дерегіне сүйеніп айтар болсақ, айдындағы толқынның ең үлкен биіктігі Ковалевки өзені құйылысы аймағында солтүстік-батыс желімен 2 метрге дейін қамтиды. 6 гидроагрегаттан тұратын су қоймасының соңғысы 1997 жылдың желтоқсан айында іске қосылған екен. Алайда, ГЭС құрылысының әлі күнге дейін аяқталмай келе жатқаны көңілдегі алаңды сейілтетін емес. ГЭС 1997 жылдан бастап 20 жылға AES компаниясының қарамағына жалға берілгенде аталмыш компания оның құрылысын аяқтап, кеме жүзетін шлюздерді эксплуатациялауға тиіс болатын. Бірақ, арада 6 жыл өткенде кеме жүзетін шлюздер мемлекет қарамағына қайтарылып, мемлекет қаржысына қайта қалпына келтірілді. Шлюз алғаш рет 2005 жылдың көктемінде өндіріске енгізілгенімен, бүгінгі күнге дейін ГЭС-нда екінші мәрте құрылыс жұмыстарын жүргізу мәселесі қашан шешімін табары беймәлім. Әрине, ештеңе біткен жоқ деуге тағы болмайды. Қазақстандағы AES компаниялар тобының қоғаммен байланыс қызметінің директоры Светлана Нищенконың БАҚ-та тартқан мәліметіне сүйенсек, Өскемен ГЭС-інде жаңа инженерлік-тұрмыстық корпус құрылысын салу және Шүлбі ГЭС-інде де қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

 

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети