21 наурыз 2020 10:43

"Шулы Алматыны жақсы көремін" - фотограф карантин кезінде қаңырап қалған қала көшелерін суретке түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/dots_foto © instagram/dots_foto

Фотограф Дмитрий Доценко төтенше жағдай мен карантин жарияланғаннан кейін бос қалған Алматы көшелерін суретке түсірді. Ол жұмысын 20 наурызда Instagram-дағы парақшасына жүктеген. 


Фотограф Дмитрий Доценко төтенше жағдай мен карантин жарияланғаннан кейін бос қалған Алматы көшелерін суретке түсірді. Ол жұмысын 20 наурызда Instagram-дағы парақшасына жүктеген. 

"Қаңырап қалған қала - Әл-Фараби, Барахолка, Шығыс айналма жолы - оларды бос көргенсіз бе?

Бүгін таңертең босап қалған қаламен серуендедім. Тамақ ішетін қоғамдық орындар жабық, адамдар аз, көліктер де азайған, кей жерлерде бос көшелерді де байқап, осы кадрларды жасадым.

Біреулер ауа тазарып, кептеліс жоқ деп қуанады. Ал мен, керісінше, шулы Алматыны, кептеліс, базарларымен қоса, кафе және көшелердегі үздіксіз қимылы үшін жақсы көремін. Қала тезірек бұрынғы қалпына келгенін қалаймын!" - деп жазған суреттер авторы.

 

 

 

 

 

 

 

 


© instagram/dots_foto

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети