1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Шварценеггерді Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесіне шақырды

© МИА "Россия сегодня" © МИА "Россия сегодня"

Голливудтық актер, саясаткер әрі бодибилдер Арнольд Шварценеггерді Астанада өтетін халықаралық EXPO-2017 көрмесіне шақырды. Бұл туралы Instagram желісіндегі "За тебя, Баке" (ZTB_video) тобының парақшасында жарияланды. 

Халықаралық көрмеге актерді шақыру Қазақстанда Street Workout Федерациясының вице-президенті Ислам Бадургов пен "Болашақ" бағдарламасының стипендианты Салтанат Керімбаеваға түсті. Паблик парақшасында Шварценеггердің Қазақстанның астанасында өтетін көрмеге қызыққанын жазды. Бадургов өз парақшасында шақыртуды 6 сәуірде Оңтүстік-Калифорниялық университетте мектептен кейінгі білім алу үшін өткен Ұлттық Саммит 2017 кезінде берген. Шараны ұйымдастырушысы әрі бас спикері Арнольд Шварценеггердің өзі болған.