Стокгольмде Швеция, Дания, Норвегия және Финляндияда тұратын қандастардың бизнес-форумы өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Дүниежүзі қазақтары қауымдасытығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Стокгольмде Швеция, Дания, Норвегия және Финляндияда тұратын қандастардың бизнес-форумы өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Дүниежүзі қазақтары қауымдасытығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Стокгольмде Швеция, Дания, Норвегия және Финляндияда тұратын отандастардың бизнес-форумы болды. Форум - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Төрағасы болып табылатын Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және "Отандастар Қоры" КЕАҚ-ның Солтүстік Еуропада тұратын қазақтармен байланысты нығайту бағдарламасының бір бөлігі. Оған Қазақстан Республикасының Швециядағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов, Швецияның Қазақстандағы тұңғыш елшісі Манне Венгборг, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төрағасының орынбасары Арғын Оспанов, Қордың белсенді өкілдері, Қазақстанның Дания, Финляндия және Швециядағы құрметті консулдары, Солтүстік Еуропа елдеріндегі компанияларда жұмыс істейтін қазақтар, Түркістан, Қарағанды облыстарының жүн өңдеу, ауыл шаруашылы, агротуризм сияқты салалардағы бизнесмендері қатысты.
Қауымдастық Төрағасының орынбасары Арғын Оспанов пен Қор өкілдері бүкіл әлемде "Қазақ үйі" Қазақ мәдени-іскерлік үйінің құрамына кіретін мәдени орталықтар мен іскерлік үйлерінің желісін құру жоспарларын бөлісті. Бизнес-форумға қатысушылар шағын, орта және ірі бизнестегі бастамаларды ынталандыру, өзара ықпалдастық тетіктері, стартаптарды дамыту мәселелерін талқылады. Қатысушыларға Қазақстан өңірлерінде бизнес ашып, дамытуға қолайлы инвестициялық әлеует таныстырылды.
Кездесуде қалпына келетін энергия, ақпарат технологиялары, құрылыс материалдары, шикізат өңдеу, мұнай химиясы, тау-кен өнеркәсібі, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, білім-ғылым, соның ішінде түркология, туризм салаларындағы өзекті жобалар айқындалды. Сонымен қатар Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төрағаның орынбасары Арғын Оспанов барша қазақ диаспорасымен тығыз байланыс орнатып, тығыз байланыста жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Ол үшін Қордың жанынан этникалық қазақтардың мәселелеріне жауап беретін Бірыңғай байланыс орталығы ашылған.
Швециядағы бизнес-форум биыл өткізілген алтыншы форум болды. Бұған дейінгісі 20 қыркүйекте Лондонда өткен. Қазақстан делегациясы құрамында барған кәсіпкерлердің ұсыныстары да қатысушыларды қызықтырды. "Шымкент Кашемир" жүн өңдеу фабрикасының басшысы Шағанбек Қанжарбайұлы өнімін скандинав елдеріне сату ниетін білдірді. "Toksumak" эко-агро-кентінің авторы Олжас Омаров тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын нығайтатын әрі этникалық қазақтарды Қазақстанға тартуға мүмкіндік беретін жобаларды дамытуға инвестиция тарту туралы ұсыныстарын айтты.