Швейцария азаматы баласын беруден бас тартқан қазақстандық әйелін сотқа берді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Швейцария азаматы баласын беруден бас тартқан қазақстандық әйелін сотқа берді

Астана соты келісімге қарамастан баланы Швейцарияға әкесіне жіберуден бас тартқан қазақстандық әйеліне қатысты Швейцария азаматының шағымын қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Швейцария азаматы болып табылатын бала 2020 жылдың мамырынан бері ата-анасымен бірге Астанада уақытша тұрып келген, сонымен қатар ем қабылдаған.

Баланың ата-анасы ажыраспағанына қарамастан, отбасындағы кикілжіңдер кезінде 2023 жылдан бастап баланың тұрғылықты жері Швейцария болатыны туралы келісімге келген. Алайда, баланың анасы бұл міндеттемесін орындамай, ұлын Швейцарияға қайтармаған.

Сот баланың әкесі баланың Швейцарияға оралуын талап еткенін, өйткені нәресте Швейцария мәдениетіне еніп, тек неміс тілін білетінін және оның өз елінде тұрғаны оның амандығы үшін жақсы болатынын айтты.

Баланы емдейтін медициналық орталықтың қорытындысына сәйкес, диагностика мен емдеу әдісі Қазақстанда болуды қажет етпеген, емдеуді шетелде жалғастыруға болады.

"Анасы Д. баланы Қазақстан аумағында заңсыз ұстағандықтан, сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды. Сот жауапкерді халықаралық шартқа сәйкес кәмелетке толмаған баланы Швейцарияға қайтаруды міндеттеді", - делінген хабарламада.

Соттың қаулысы заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети