Швейцариялық сарапшылар Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтаруға көмектеседі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Швейцариялық сарапшылар Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтаруға көмектеседі Фото:elements.envato.com

Бас прокуратура Базель басқару институтымен ынтымақтастық туралы келісім жасады. Институт сарапшылары елден шығарылған активтерді қайтаруға көмектеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура Базель басқару институтымен ынтымақтастық туралы келісім жасады. Институт сарапшылары елден шығарылған активтерді қайтаруға көмектеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы институттың құрамына кіретін Халықаралық активтерді қайтару орталығы (ICAR) – әртүрлі елдердің құқық қорғау органдарына жәрдемдесетін әлемдегі ең ірі орталықтардың бірі.

Келісімшарттарға сәйкес Базель институтының сарапшылары Қазақстанның Бас прокуратурасына төменде көрсетілген бағыттар бойынша:

1) активтерді қайтару мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді талдау және жетілдіру жөніндегі ұсынымдар;

2) халықаралық тергеп-тексерулер жүргізуде және активтерді шетелден қайтаруға байланысты қылмыстық істер бойынша сұрау салулар дайындауда құқықтық және консультациялық көмек;

3) қаржылық тергеп-тексеру және активтерді қайтару, оның ішінде әлем бойынша компаниялардың бенефициарлық меншік иелері мен жылжымайтын мүлік иелерінің тізімдерінен онлайн режимінде ақпарат алу мәселелері бойынша оқыту тренингтері мен семинарларын өткізу бойынша жәрдем көрсетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети