15 наурыз 2022 | 13:01

Шыдай тұрайық - вице-премьер маска режимін толық алып тастау туралы

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанның "сары" және "жасыл" аймақтарында маска режимін және Ashyq-ты алып тастау туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанның "сары" және "жасыл" аймақтарында маска режимін және Ashyq-ты алып тастау туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоғжанов Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін айтып, коронавирусқа байланысты ахуал бақылауда екенін атап өтті.

"Бірінші кезекте бизнеске барынша жағдай жасадық. Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар санына байланысты алаңдауға негіз жоқ деуге болады. Сондықтан талаптарды барынша азайттық", - деді ол Мәжіліс аясында журналистердің сұрақтарына жауап беріп. 

Вице-премьер қазір маска режимін алып тастау туралы шешім жабық кеңістіктерге қатысты емес екенін еске салды.

"Тұмау секілді басқа да эпидемиологиялық аурулар бар. Сондықтан жабық бөлмеде әзірше маска тағу ұсынылады. Менің ойымша, бұл Наурыз мерекесін қоса алғанда, алдағы барлық мерекелік іс-шараны ескере отырып жасалған. Содан кейін жаңа шараларға көшеміз деп ойлаймын", - деп толықтырды ол.

Ол жекелеген мемлекеттерде, соның ішінде көрші елдерде де COVID-19 жұқтырғандар бар екенін атап өтті.

"Сондықтан әзірге сақтық шараларын сақтауды ұсынамыз. Әлі де басқа елдерден оқшауланған жоқпыз. Сондықтан халықаралық жағдайды ескеруіміз керек. Бүгінгі таңда 30-дан аса елде коронавирус жұқтырғандар саны артқаны байқалады. Шыдамды болу керек, көп қалмады. Шыдайық", - деді премьер-министрдің орынбасары.

Тоғжановтың айтуынша, қазір коронавирусқа байланысты қосымша шектеулер енгізу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ.

"Әзірге ешқандай шектеу қоймаймыз. Керісінше, іс жүзінде бизнес үшін барынша жағдай жасадық. Бизнеске жұмыс керегін түсінесіздер ғой. Шекарада туындайтын мәселелер бар. Ең алдымен, бұл Қытайдағы жұқтырғандар саны артуына байланысты. Әрине, мәселе маңызды және оны талдаймыз", - деді вице-премьер.

Сондай-ақ, Тоғжанов "сары" және "жасыл" аймақтардағы Ashyq-тың ішінара тоқтатылуына қатысты пікір білдірді.

"Иә, қаулы шықты. Азаматтарымыз мейрамханаларға, кафелерге, кинотеатрларға еркін бара алады. Менің ойымша, бұл - жақсы оқиға. Бұл жағдайда ұзақ уақыт тұрдық. Сондықтан жақсы шешім деп ойлаймын", - деп түйіндеді ол.

Еске салайық, 11 наурызда Қазақстанда коронавирусқа қатысты жағдай тұрақтануына байланысты кейбір шектеулер алып тасталғаны туралы хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети