Шығын 15 миллиард теңге: білім саласының қызметкерлері сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығын 15 миллиард теңге: білім саласының қызметкерлері сотталды Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы жүйелі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтады. 2023 жылдың басынан бері барлығы 229 қылмыстық іс тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы жүйелі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтады. 2023 жылдың басынан бері барлығы 229 қылмыстық іс тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, қылмыстық істер бойынша жалпы шығын 15 миллиард теңгеден асқан.

"Кң көп мөлшерде жымқырылған сома Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстары мен Алматыда анықталды. Қылмыс жасаған 317 адам әшкереленді, оның 144-і сотталып, түрлі жазаға кесілді", - деді Биғайдаров брифинг барысында.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шалқар аудандық білім басқармасының басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Ол аудандық жалпы білім беретін мектептің директоры арқылы ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларынан қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін 18,5 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктеліп отыр. Соттың санкциясы бойынша, білім бөлімінің басшысы мен аудандық мектеп директоры қамауға алынды", - деді Биғайдаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети