Шығын 490 миллион теңге: Астанада жұртты тендерге қатысуға тартқан “табысты кәсіпкерлер“ сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығын 490 миллион теңге: Астанада жұртты тендерге қатысуға тартқан “табысты кәсіпкерлер“ сотталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Астанада "Жұлдызай" және "Аяулым" қаржы пирамидаларын ұйымдастыру ісі бойынша үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада "Жұлдызай" және "Аяулым" қаржы пирамидаларын ұйымдастыру ісі бойынша үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Тергеп-тексеру ісін Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана бойынша департаменті жүргізген.

"Тергеу барысында күдіктілер өздерін әлеуметтік желілерде табысты кәсіпкерлер ретінде таныстырып, азаматтарға тендерлерге қатысу арқылы тез табыс табу схемасын ұсынғаны анықталды. Инвестицияның ең төменгі сомасы 1 миллион теңгеден басталып, 40 күн ішінде ұсынылған табыс 90 пайыздан асатыны айтылды.

Сонымен қатар, салымшылар әр жаңа тартылған қатысушы үшін жарнасынан 10 пайыз қосымша пайда алған", - делінген хабарламада.

Нәтижесінде қаржы пирамидасына 60 адам тартылып, жалпы шығын 490 миллион теңгеден асқан. Сонымен қатар, күдіктілердің бірі салымшылардың қаражатына елорданың премиум санатындағы құны 69,5 миллион теңге тұратын пәтер сатып алып, қайын енесіне ресімдеген.

"Алайда сотқа дейінгі тергеу басталғанын білген соң, мүлікті тәркілеуден жасыру мақсатында үшінші тарапқа рәсімдеп үлгерген. Дегенмен, тергеу барысында бұл мәміленің жалған екендігі дәлелденіп, сот санкциясымен мүлікке тыйым салынды. Тергеу барысында күдіктілер жәбірленушілерге 72 миллион теңге көлемінде шығынды өтеді", - делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша, қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ҚР ҚК 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы ("Қаржы пирамидасын құру және басқару"), ал күдіктілердің бірі қосымша ҚР ҚК 218-бабы 1-бөлігі ("Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру") бойынша кінәлі деп танылды. Оларға 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған пәтер мен автотұрақ тәркіленіп, жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу үшін берілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети