Шығын 7,9 миллиард теңге: Астанада пәтер сатуға қатысты схема әшкереленді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығын 7,9 миллиард теңге: Астанада пәтер сатуға қатысты схема әшкереленді

ҚМА Астана бойынша департаменті "Qyran" тұрғын үй кешеніндегі жылжымайтын мүлікті сату желеуімен ақша қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырған құрылыс компаниясының қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Астана бойынша департаменті "Qyran" тұрғын үй кешеніндегі жылжымайтын мүлікті сату желеуімен ақша қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырған құрылыс компаниясының қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА мәліметінше, сату кеңсесінде құрылыс компаниясы атынан сатып алушыларға компанияның жылжымайтын мүлік нысандарына меншік құқығы бар екенін "дәлелдейтін" макеттер, техникалық паспорттар, сенімхаттар мен анықтамалар көрсетілген.

"Азаматтарға пәтерлерді, коммерциялық үй-жайларды және паркинг орындарын нарықтық бағадан төмен сатып алу ұсынылып, мәмілелердің толық заңды екені айтылған. Алайда сатып алу-сату шарттарын жасау орнына күдіктілер брондау шарттарын, кепіл туралы келісімдер мен алдын ала шарттарды рәсімдеген. Бұл құжаттар мемлекеттік тіркеуге жатпайды және сатып алушыларға меншік құқығын бермейді", - делінген хабарламада.

Жәбірленушілер төлемді қолма-қол және аударым түрінде схеманың қатысушыларының жеке шоттарына аударған. ЖШС-нің бухгалтерлік және банктік құжаттарында бұл операциялар көрсетілмеген. Нәтижесінде азаматтардың 3,8 миллиард теңгеден астам қаражат жымқырылған.

"Бұдан бөлек, күдіктілер құрылыс компаниясының қаражатын ұрлауға бағытталған екінші алаяқтық схеманы жүзеге асырған. Құрылыс компанияның атынан клиенттермен жалған сатып алу-сату шарттарын жасап, объектілерге меншік құқықтарын тіркеген, алайда сатудан түскен қаражат компанияның кассасына түспеген. 76 жылжымайтын мүлік объектісінің сатылуынан 4,1 миллиард теңге жымқырылған", - дейді ҚМА өкілдері.

Осылайша азаматтарға және компанияға келтірілген жалпы залал 7,9 миллиард теңге болған. Сот санкциясымен 94 пәтерге, 51 паркинг орнына, 8 коммерциялық үй-жайға және бір автокөлікке тыйым салынды. Үш күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети