"Шығындар кірістен екі есе тез өсіп жатыр". Сенат спикері Үкіметке жүгінді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Шығындар кірістен екі есе тез өсіп жатыр". Сенат спикері Үкіметке жүгінді Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев республикалық бюджет шығыстарының кірістен екі есеге артқанына наразы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев республикалық бюджет шығыстарының кірістен екі есеге артқанына наразы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәулен Әшімбаев кейінгі бес жылда республикалық бюджеттің кірісі мен мұнайдан түсетін түсімдер 66 пайызға, шығыстар осы кезеңде 120 пайызға артқанын атап өтті.

"Бізде кірістерге қарағанда шығыстар екі есеге артқан. Осыған байланысты Үкіметтің бұл ақшаны не Ұлттық қордан, не бюджет тапшылығын арттыру арқылы алуы түсінікті және қисынды. Бюджетті осы нақтылауда бюджет тапшылығы бұрынғы деңгейде қалғанын, яғни Ұлттық қордан алғанын көреміз. Басқа дереккөздер жоқ. Немесе салық базасын ұлғайту қажет.

Осы орайда, бәрімізге қаржылық тәртіпке келіп, стратегиялық шығыстарға Ұлттық қордың қаражатын ғана жұмсап, жалпы алғанда Ұлттық қордың активтерін ұлғайту бойынша нақты стратегия болуы керек деген басты месседж. 4 триллиондап ақша алатын болсақ, бұл активтерді қалай және қандай жолмен көбейтеміз?", - дейді Сенат спикері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети