Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бюджет қаражатының қалай үнемделетінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бюджет қаражатының қалай үнемделетінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы брифинг кезінде ШҚО әкімінен дағдарыс кезеңінде бюджет қаражатының қалай үнемделетіні және жергілікті биліктің осы мақсатта түрлі корпоративтерден бас тартуы туралы сұралды.
"Иә, әрине, корпоративтік жиындар артық, дегенмен бір ғана жиыннан бюджет қаражатын үнемдеу мүмкін емес. Бұл басқа бағыт. Біріншісі - энергия үнемдеу. Біз Реконструкция және даму банкімен жұмыс істеп жатырмыз, олар алдағы бірнеше жылда қаламыздың жарықтандыру жүйесін ауыстыру сияқты мәселелерді болжап береді. 30-40 пайыз үнемдеу кәсіпкерлік бойынша болады. Екіншіден, Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес инфрақұрылымдық жобалар тек бюджет қаражатынан емес, даму институттарын тарту арқылы жүзеге асырылуы қажет - бұл басты бағыт", - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
"Келесі бағыт қазіргі шығындарды, жергілікті әкімдіктің шығындарын 30 пайызға қысқарту. Мысалы енді қалада шам 24 сағат бойы жанып тұрмайды", - деді Даниал Ахметов.