Шығыс Қазақстан облысында орман өрті сөндірілді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысын орман өрті шарпыды: құрғақ шөп табиғи апатқа әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысын орман өрті шарпыды: құрғақ шөп табиғи апатқа әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 6 қыркүйекте Катонқарағай ауданындағы Алтынбел ауылынан сегіз шақырым жерде болған.

"Ново-Березовское орман шаруашылығы аумағындағы орманды алқапта 40 гектар аумақта құрғақ шөптер мен бұталар өртенді. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Өртті сөндіруге 60-тан аса адам мен бес техника жұмылдырылған. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті, орман шаруашылығы, әкімдік пен полиция қызметкерлері айналысты.

"7 қыркүйек күні таңертең қосымша орман шаруашылығының 30 қызметкері көмекке жіберілді", - деп қосты департаменті өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети