Шығыс Қазақстан облысындағы қорықтан шыққан өрт оқшауланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысындағы қорықтан шыққан өрт оқшауланды

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддердің маңындағы қорықтан шыққан өрт оқшауланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддердің маңындағы қорықтан шыққан өрт оқшауланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

"Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында өртті сөндіруге қатысқандардың іс-қимылын үйлестірудің арқасында өрт 6:45-те оқшауланды", - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Департамент өкілдерінің мәліметінше, өрттің алдын ала ауданы 6 гектар.

Бұған дейін ШҚО-да Риддердің аумағындағы Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында өрт шыққаны хабарланған болатын.

Резерват қызметкерлері Чернушка өзені мен орманды алқаптағы Прямой ағынның түйіскен жерінен жоғары 67-квартал аумағындағы өртті анықтады. Бұл сағат 16:40 шамасында болды. Оқиға туралы дереу қорық басшылығы мен Риддер қаласының Төтенше жағдайлар бөліміне хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети