Шығыс Қазақстан облысында 127 әлеуметтік нысанның құрылысын аяқтауға 2 миллиард теңге бөлінетін болады. Бұл туралы өңір басшысы Даниал Ахметов айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысында 127 әлеуметтік нысанның құрылысын аяқтауға 2 миллиард теңге бөлінетін болады. Бұл туралы өңір басшысы Даниал Ахметов айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.
Өскемен қаласы бойынша жұмыс сапары барысында Даниал Ахметов "Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ арқылы тұрғызылып жатқан коммерциялық кеңселері бар көпқабатты тоғыз тұрғын үйді, облыстық қан орталығын, сауықтыру орталығын және облыстық драма театрын аралап көрді. Жоспарға сай, қан орталығы осы жылдың 1 сәуірінде, драма театры 1 мамырда пайдалануға беріледі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында жаңа құрылыстардың қарқынын азайтуды, бірақ әлеуметтік салада басталған құрылыстарды аяқтауды тапсырған болатын. Соған байланысты Даниал Ахметов өңірде әлдеқашан басталып қойған мектептер, медицина мекемелері мен балабақшалар құрылыстарын жылдам аяқтау керектігін айтты.
"Біздің облысымызда барлығы 127 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Олардың кейбіріне жабдықтар алуға қаражат жетпейді, кейбірінен құрылыс кемшіліктері анықталды. Биыл біз оларды міндетті түрде пайдалануға беруіміз керек, сондықтан қосымша қаржы бөлуге мәжбүрміз. Оның бәріне облыс бюджетінен 2 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қаражат жетуі керек. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша біз мемлекет қаржысын тиімді пайдалануымыз қажет", - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі.