Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Шығыс Қазақстанда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді

24 Ақпан 2014, 17:08
0
ҚР БҒМ ҒК "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ сайтындағы карта
ҚР БҒМ ҒК "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ сайтындағы карта
Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

"24 ақпан күні Алматы уақыты бойынша 12 сағат 29 минут 53 секундта "ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісіне жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында - Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 791 шақырым қашықтықта орналасқан", - делінген мекеменің хабарламасында.

Жерасты дүмпулерінің энергетикалық класы - 9,2. Магнитудасы - 4,2. Дүмпу 5 шақырым тереңдікте болған. Төтенше жағдайлар қызметі мамандардың мәліметінше, тербеліс Шығыс Қазақстан облысындағы Самарское және Белое елді мекендерінде МSК-64 шкаласы бойынша 2 балл түрінде сезілді.

Еске сала кетейік, бір апта бұрын магнитудасы 4,6-ға тең жер сілкінісі Алматыдан 307 шақырымда болған еді. Оның эпицентрі Қытай Халық Республикасының аумағынан анықталды.

Сейсмологтердің қысқа мерзімге арналған болжамына сәйкес, бұған дейін 20-26 ақпан аралығында Алматы полигоны аумағында қуатты жер сілкінісі болмайтыны хабарланды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай