09 желтоқсан 2015 | 11:23

Шығыс Қазақстанда дауыл жұлып әкеткен шатыр мұғалімнің үстіне түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстация © Tengrinews.kz Иллюстация © Tengrinews.kz

Шығыс Қазақстан облысында дауылдан бірнеше мекеменің шатыры құлап, бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысында дауылдан бірнеше мекеменің шатыры құлап, бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарауыл ауылында желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жетіп, дауыл Ералы көшесінде орналасқан гимназия аумағындағы шеберхананың бір қабатты ғимаратының шатырын жұлып әкетті. Соның салдарынан 1974 жылы туылған мұғалім зардап шекті, оның сол жақ қолы сынған. Сонымен қатар, дауылдың салдарынан Молдағалиев көшесіндегі "ШҚО Абай ауданы бойынша БЖСМ" КММ ғимаратының шатыры ұшып кетті. Шатырдың зақымданған бөлігің аумағы анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Таразда қатты соққан жел түрменің шатырын жұлып әкеткен болатын. Оқиға 6 желтоқсан күні түнде Жамбыл даңғылында болған. "Жылдамдығы секундына 28-32 метрге жеткен дауыл Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті әкімшілік ғимаратынының 200 шаршы метр болатын металл шатырын жұлып әкетті", - деп хабарлады ТЖД өкілдері. Оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети