20 қаңтар 2015 15:54

Шығыс Қазақстанда демалатын шетелдік туристердің саны көбейіп келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©7chud.ru ©7chud.ru

Шығыс Қазақстан облысында 2014 жылы туризм саласында тіркелген 300 нысанда 3,2 миллиард теңгенің қызметі көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың ақпараттық орталығына сілтеме жасап. Бұл көрсеткіш шетелге барып демалушылардың қатары азайып, Шығыс Қазақстанға баратын отандық және шетелдік туристердің саны артқанын білдіріп отыр. 

ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ержан Сембиновтің мәліметінше, шетелге барып демалушы отандық туристер 7322 адамға (37,8 пайызға) азайып, аймаққа келіп демалушы отандық және шетелдік туристердің саны 162 833 (9 пайыз) адамға артқан. Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылы Шығыс Қазақстан облысында туризм саласында тіркелген 300 нысанда 3,2 миллиард теңгенің қызметі көрсетілген. Айта кетейік, бұл көрсеткіш - жергілікті бюджеттің 1,3 пайызына тең.

"Шығыс Қазақстан облысы - еліміз бойынша отандық және шетелдік туристердің көптеп келетін аймағы. Меймандардың басым бөлігі "Рахман қайнарлары" шипажайына, "Нұр Бұлақ" демалыс үйіне, Алакөлге барып демалады", - деді Сембинов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети