Абай облысының Аягөз ауданында су тасқынына байланысты жергілікті төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай облысының Аягөз ауданында су тасқынына байланысты жергілікті төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Еріген қар суының салдарынан Аягөз ауданына қарасты "Бозай ауылына кіреберіс" аудандық маңызы бар жолды шайып, көпір құрылымының бір аралығы (ұзындығы 25 метр) қирады", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта көпір арқылы көлік қатынасы тоқтатылған. Айналма жол бар. Жергілікті атқарушы органдар жол жиегін бөгеу және жол бөлігін инертті материалмен толтыру, қозғалысты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіліп жатқаны айтылды.
Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы ТЖ жариялады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!