Шығыс Қазақстан облысында 6,2 магнитудалы жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция комитеті" ММ-ге сілтеме жасап.

Сейсмологтардың мәліметі бойынша, жер сілкінісі 4 сәуірде Астана уақытымен сағат 21:03-те тіркелді. Эпицентрі Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 863 шақырым жерде. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте. Энергетикалық класы - 14,1.
6 баллдық жер сілкінісі Зайсанда сезілді. Өскемен тұрғындары 3-4 баллдық жер сілкінісін сезген.