Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 5-ке тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ұлттық ақпараттандыру орталығына сілтеме жасап. Жерасты дүмпулері 28 желтоқсан күні сағат 00.39-да тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Өскеменнен оңтүстік шығысқа қарай 205 шақырымда, Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 807 шақырым қашықтықта болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.6-ға тең.
Сонымен қатар, ТЖК жер сілкінісінің магнитудасы 4,8 болғанын ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасай отырып хабарлады. Комитеттің мәліметінше, эпицентр Алматының солтүстік шығысында 716 шақырымда тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.5. "Тереңдігі 15 шақырым. Жер сілкінісі Өскемен, Күршімде 2 балмен, Зайсанда 2-3 балмен (МSК-64 шкаласы бойынша) сезілді", - делінген хабарламада.