04 ақпан 2014 10:24

Шығыс Қазақстанда сабақ тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Шығыс Қазақстан облысында мектептерде аязға байланысты сабақ тоқтатылды деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Мектеп оқушыларымен бірге, колледждердің 1-2 курстарының да сабағы кейінге қалды. "Өскемен, Ридер қалаларында және Жаңа Бұқтырма елді мекенінде ІІ дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай 4 ақпан күнгі сағат 21.00-ге дейін сақталады", - делінген ТЖД сайтында. "Қазгидрометтің" мәліметінше, облыс аумағында өткен түнде ауа температурасы 34 градус аязға дейін төмендеген. Кеше облыс орталығы мен Риддер, Зырян, Семей қалаларында мектептерде сабақ ішінара тоқтатылған. Қазіргі уақытта ауа райына байланысты мектептерде сабақ тоқтатылатыны туралы SMS-хабарламаларды дер кезінде жіберу мәселесі өзекті болып тұр. Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко хабарламалардың не себепті кешігетінін айтқан болатын. Министрдің түсіндіруінше, әзірше ұялы байланыс операторлары абоненттердің бәріне бір мезгілде SMS жібере алмайды. Аппаратураның алдымен 200 мың абонентке, 2,5 сағат ішінде қалған тұтынушыларға хабар жолдауға мүмкіндігі бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети