15 желтоқсан 2020 22:27

Шығыс Қазақстанды Алтай республикасы деп жариялағысы келгендер болды - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. "Хабар" арнасындағы "Штрихи к портрету" деректі фильмінің кадры Нұрсұлтан Назарбаев. "Хабар" арнасындағы "Штрихи к портрету" деректі фильмінің кадры

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан территориясында кейбіреулер қалай бөлек мемлекет құрғысы келгенін және Тәуелсіздікті сақтап қалу қалай мүмкін болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан территориясында кейбіреулер қалай бөлек мемлекет құрғысы келгенін және Тәуелсіздікті сақтап қалу қалай мүмкін болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Назарбаевтың айтуынша, қазақстандықтар ел Тәуелсіздігі қандай жағдайда құрылғанын есте сақтауы керек. "Бұл өте қиын", - деді Тұңғыш Президент.

"Бізде астыртын ниет ойлағандар болды. Белгілі бір территорияда қандай ұлттар көп тұрғанына байланысты "өзіміздікін" (мемлекетті - авт.) құрайық" дегендер болды. Бұл бөлек әңгіме, өте қауіпті. Оралда казактар, Шығыс Қазақстанда да. Сосын арандатушылар Ресейден келіп, "осында келіңіздер, өзіміз, территорияларыңызбен" дей бастады. Мұның бәрін қиын жағдайда басу керек болды, бірақ, құдайға шүкір, бұл мәселелердің бәрін шеше алдық. 

Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында, Өскеменде бір топ адам әкімдікті басып алып, Шығыс Қазақстанды Алтай республикасы деп жариялағысы келді. Бұл қолынан келер еді. Дәл уақытында біліп, бұл адамдарды ұстап, соттаттық. Әрине - соғыс, бұған жол бере алмадық, оларды жою үшін қарулы күштерді жұмылдыруға мәжбүр болдық. Мұнсыз-ақ шешуге мүмкіндік болды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" арнасындағы "Штрихи к портрету" деректі фильмінің екінші бөлімінде.

Тұңғыш Президент Қазақстан Тәуелсіздігін жариялау туралы сұраққа да жауап берді.

"Біз шын мәнінде барлық республиканың ішінде соңғы болып жарияладық. Біз де-факто тәуелсіз болдық, сондықтан бәрі бізден тәуелсіз болды, Ресейдің өзі тәуелсіздігін 1990 жылы, 12 маусымда жариялады. Кеңес одағы 1991 жылдың соңында құлады, ал Ресей өзін тәуелсіз деп жариялады. Кімнен? Ресей КСРО-да ең ірі мемлекет болды, бәрі оның айналасында тұрды. Ресей белгі беріп, бәрі жариялай бастады. Осылайша жалғыз әрі тәуелсіз болып қалдық, соғыссыз, төбелессіз, ештеңесіз. Осылайша мен осындай мемлекеттің басшылығында болдым

Біз ең қиын жағдайда болдық. Осы мәселені шешуіміз керек болды. Сіздің соңғы жарияладық па, жоқ па деген сұраққа, мәселе мұнда біреуден бұрын деп жарысуда емес, бірінші я соңғы болуда емес, мәселе - мемлекеттік сақтап қалуда. Тәуелсіздікті жариялау - бұл бір мәселе, ал оны сақтап қалу - мүлде басқа категория, қиыны", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске салайық, деректі фильмнің бірінші бөлігі 1 желтоқсанда көрсетілген. Онда Нұрсұлтан Назарбаев сатқындық және Мұхтар Әблязов туралы, сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевпен өкілеттігін тоқтатуға бір күн қалғандағы диалогын әңгімелеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети