23 қыркүйек 2024 | 12:54

Шығыс пен Оңтүстік өңірлерді жалғайтын күре жолдың жөндеу жұмыстары аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ЖАСҰО Фото: ЖАСҰО

Биыл бірнеше ірі автожол жобалары іске қосылды. Бұл жобалар еліміздің көлік құрылымын нығайтады. Осыған орай, ҚР Көлік министрлігіне қарасты "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК осы жылдың 19-20 қыркүйегінде Жетісу облысы аумағында "Сапа керуені" медиа-турын өткізді. Онда бұрындары Қазақстан аумағындағы халық сынына ұшыраған ең даулы жолдарға БАҚ және қоғамдық қауымдастық өкілдері шақырылып, сараптама жұмыстары түсіндірілді.


Биыл бірнеше ірі автожол жобалары іске қосылды. Бұл жобалар еліміздің көлік құрылымын нығайтады. Осыған орай, ҚР Көлік министрлігіне қарасты "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК осы жылдың 19-20 қыркүйегінде Жетісу облысы аумағында "Сапа керуені" медиа-турын өткізді. Онда бұрындары Қазақстан аумағындағы халық сынына ұшыраған ең даулы жолдарға БАҚ және қоғамдық қауымдастық өкілдері шақырылып, сараптама жұмыстары түсіндірілді.

Атап айтсақ, Жетісу облысындағы Талдықорған-Өскемен жол бөлігі жөнделді. Ол өңірлерді дамытуда негізгі рөл атқарады және туризмді дамытуға көп ықпал етеді. Толығырақ Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті, Ғылым және жұмыс сапасы басқарма басшысы Нұртілек Хасенов баяндап берді.

"Биыл республикада жолдардың 12 мың шақырымына реконструкция, жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 7 мың шақырым жолдың жөндеу жұмыстарын аяқтап, пайдалануға береміз. Жолдарды кезекпен ретке келтіріп жатырмыз. Ішінде кешігіп жатқан жобалар бар. Атап айтсақ 768 шақырымды құрайтын Талдықорған-Қалбатау-Өскемен жолы бар. Бірақ қазір оның 750 шақырымын жаңа асфальт қабатымен жаңарттық".

Талдықорған-Өскемен жолының Жетісу облысындағы жөндеу учаскесінің ұзындығы 314 шақырым. Аталмыш жоба басталғалы осы учаскелерде 429 инспекциялық бақылау болды. Сараптама нәтижелері бойынша 175 (10%) нормативтік талаптарға сәйкес келмейтін жол-құрылыс машинасы сынамалары, сондай-ақ 321 ақау анықталды және оның барлығы жөнделді. ЖАСҰО бас директоры Болатбек Айтбаев жоба туралы толығырақ айтты.

"Талдықорған-Өскемен жолы бойынша 429 инспекциялық шолу ұйымдастырылған. Оның шеңберінде 1640-қа жуық сынама зерттеуге алынды. Сапасы жағынан 10% талапқа сай келмеді. Сол себепті мердігер өз қалтасынан 341 млн теңгеге қайта құру жұмыстарын жасады. Сапа тексеру кезінде жемқорлық фактілерімен күресу үшін бірінші кезекте кадр таңдауда қатаң қараймыз. Бізде істейтін жұмысшылар бірнеше сынақтан өтеді. Сонымен қатар біз цифрландыруға да көштік. Сынамалар арнайы штрих-кодпен мөрленген пакетке салынады және ол сынама қай нысаннан келгені де құпия қалады. 2019 жылдан бері 146 мың сынама алып тексерістен өткіздік".

Сурет: Жол активтерінің ұлттық сапа орталығынан

Бұл жоба 2019 жылы басталып, жүзеге асыруға шамамен 164 млрд теңге бөлінген. 32 км бірінші техникалық санатқа және 282 км екінші техникалық санатқа ауыстырылды. Ондағы екі жолақ 9 метрге дейін кеңейтілді. Сондай-ақ, трассаны жарықтандыру бойынша жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Жол бойында мыңдаған бойлық метр сүйеніш пен тосқауыл қоршаулар пайда болды. Жалпы саны 2 мыңға жуық болатын қажет жол белгілері орнатылды.

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 478.57   533.65   5.17 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети