Шығысқазақстандық жауынгердің мүрдесі Венадағы Фюрстенфельд зиратынан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шығысқазақстандық жауынгердің мүрдесі Венадағы Фюрстенфельд зиратынан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осы уақыт бойы Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгердің туыстары оны Батыс Украинада мерт болды деп ойлап келген. Тек осы көктемде оның денесінің Венадағы Зимеринг маңындағы Орталық зиратта жерленгені анықталды. "Ардагерлер ұйымы" республикалық-қоғамдық бірлестігі мен оның төрағасы Мұрат Мұхамеджанов бастаған топтың көмегімен жауынгердің мүрдесін тапты.
Өткен жылдың желтоқсан айында оған майдангердің әпкесі Шәрбан Қалиева ағасын табуға көмек сұраған болатын. Бірақ ол туралы ешқандай ақпарат болмады, тек оның 1921 жылы дүниеге келіп, Семей облысы Жаңасемей ауданы Поймон ауылының тумасы екендігі және Марқакөл ауданының әскери комиссариатына майданға шақырылып, соғыс басталған кезде Қызыл Әскерде қызмет еткені туралы ақпарат болды.
"Менің ағам, Ісләм Қалиев, соғыстың алғашқы күндерінен майданға кетті. Мен оны анаммен бірге шығарып салдым. Анам егде жастағы кісі. Түн ортасында ол мені қолымен көтеріп, вокзалға әкелді. Мен сонда жауынгерлерді майданға қалай шығарып салып жатқандарын көрдім. Соғыста қызмет етіп, содан ағам із-түссіз жоқ болып кетті", - деп еске түсірді майдангердің әпкесі Шәрбан Қалиева.
Ісләм Қалиев - тұрып тұрған сол жақтағы сарбаз.
Бірнеше ай өткен соң, іздестірудің нәтижелері белгілі болды. "Біз жауынгерлерді еске алуға арналған obd-mеmorial.ru порталына хабарластық. Онда барлық жауынгердің тізімін қарап шықтық, 1941-1945 жылдар аралығында қайтыс болған жауынгерлердін тізімін де қарадық. Сол тізімнен Қалиевті таптық. Семей облысының тумасы", - деді республикалық қоғамдық "Ардагерлер ұйымы" бірлестігінің төрағасы Мұрат Мұхамеджанов. "Сайттағы мәліметтерге сәйкес, сарбаздың соңғы қызмет орны - арнайы А 342 айып ротасындағы 4-ші гвардия, жеке номері Ц 58-18003-639-3. Ол 1945 жылы 9 мамырда өлтіріліп, Австрия астанасы Венада Зимеринг маңындағы Орталық зиратта жерленген болатын", - деді Мұрат Мұхамеджанов.
Майдангердің әпкесі Шәрбан Қалиеваның айтуынша, ағасының зиратын тапқан соң ғана жаны жай тауыпты. Енді оның арманы 71 жыл бойы алғаш рет зиратта ағасына дұға оқу еді.
Венадағы орталық зират
"Ағам соғысқа дейін пошта тасушысы болып жұмыс істеді. Ол салмақты, ақылды болатын, үлкендерді құрметтейтін. Ісләм майданнан хаттар жолдап тұратын. Хаттарының бірінде ол әкесінен темекі шегуді бастағаны үшін кешірім сұрады", - деп еске алды Шәрбан Қалиева. "Ардагерлер ұйымы" мен оның төрағасына ағамның зиратын тауып бергеніне үлкен алғысымды білдіремін. Қазір ол қайта тіріліп, қасымызда жүргендей. Көп рақмет".
Енді ардагерлер ұйымының мүшелері майталманның есімін "Естеліктер кітабына" енгізуді сұрап отыр. Сонымен қатар, ұйым мүшелері музейді оның жеке заттары мен суреттерімен толтырғандарын қалайды. "Біз, сонымен қатар қаланың кәсіпорын иелері мен қала әкімшілігінен Австрия немесе ҚР Сыртқы істер министрлігі арқылы қазақстандық жауынгердің туыстарына Венаға баруға мүмкіндік беріп, батырдың есімін қастерлеуі үшін туыстарына көмек беруін сұрадық", - деді Мұрат Мұхамеджанов.
Кеңестік жауынгерлердің Венадағы зираты
Қазір Венадағы Фюрстенфельд зиратында Кеңес әскері мен вермахт әскерлерінің мыңдаған жауынгері жерленген. Бұған дейін жерленген жерлердің ортасында дуал болатын. 1994 жылы ол дуалдарды алып тастады. Бүгінде Австрияның барлық федералдық жерінде 217 кеңес жауынгері жерленген. Қазір батырлардың зираттарымен "Черный крест" мемориалдық ұйымы айналысады.
Қазақстандық жауынгердің зираты "Батырларымызды құрметтейміз және олар біздің есімізде" акциясы аясында табылған болатын. Ардагерлер ұйымының мүшелері бұл істі жалғастырады. Ұйымның төрағасы Мұрат Мұхамеджановтың айтуынша, бұл жұмыс ұйымның барлық жиырма бөлімшесінде атқарылады. "Әр жауынгерді еске алу керек, ол Ұлы Отан соғысының ардагері болсын немесе ауған ардагері болсын. Ең маңыздысы олар Отан алдындағы борышын өтеп, қаза тапты. "Батырларымызды құрметтейміз және олар біздің есімізде" акциясы болашақ ұрпақтар үшін маңызды, сондықтан қоғамымыз бұл мәселеге немқұрайлы қарамауы керек", - деді Мұрат Мұхамеджанов.