"Шымбұлақ" әкімшілігі өрттің мән-жайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Шымбұлақ" әкімшілігі өрттің мән-жайын айтты ТЖМ

"Шымбұлақ" әкімшілігі өрттің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Шымбұлақ" әкімшілігі өрттің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шымбұлақ" ТШК баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қаңтарда "Талғар асуы 3200" аспалы жол станциясы "Шымбұлақ" тау курортында орналасқан Oblaka мейрамханасында өрт шықты.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт таңғы сағат 4-те, үшінші қабатта шыққан.

Курорттың кезекші қызметінің жедел жұмысының арқасында адамдар дер кезінде эвакуацияланды. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ", - деді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, қазір Комби-2 аспалы жолының жұмысы тоқтатылғаны, Талғар және Сол Талғар тасжолдары өрт сөндірілгенге дейін және залал анықталғанға дейін жабылғаны белгілі.

ТЖМ өкілдері өрт таңғы сағат 08.30-да сөндірілгенін айтты.

"Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртенген аумақ анықталып жатыр", - деді құтқарушылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети