14 сәуірде таңғысын "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында екі рет қар көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ "Казселқорғау" ББ-ның Алматы қалалық пайдалану басқарма жетекшісі Ринат Әміржановқа сілтеме жасап.

Бірінші қар көшкіні Шымбұлақ - Тұйықсу қақпасы тасжолының маңында сағат 08:30 шамасында жүрді. Көлемі 25 мың текше метр. Бес жарық бағанасы бүлінді. Осы себепті жақын маңдағы д2мханада жарық жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Екінші рет 09:30 шамасында "Шымбұлақтан" жоғары орналасқан "Мыңжылқы" бөгеті маңында жүрді. Оның көлемі - 2500 текше метр.
Қазіргі кезде жолды тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмысқа алты адам және екі техника жұмылдырылды. Медеуден жоғары қарай және Үлкен Алматы көліне қарай баратын жол жабық. Онда 1 метр 90 сантиметр биіктікте қар жатыр.
Алматыда қар көшкіні жүру қаупі 17 сәуірге дейін сақталады. Тауға шығуға тыйым салынған.