15 қараша 2021 17:59

Шымбұлаққа Ashyq-тағы қай мәртебемен кіруге болады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Шымбұлақ" "Шымбұлақ"

"Шымбұлақ" тау шаңғы курортының әкімшілігі курортқа Ashyq-тағы қандай мәртебемен кіргізетінін түсіндірді. Курорттың бас директоры Ринат Абдрахмановтың айтуынша, қазіргі уақытта келушілерді "көк" және "жасыл" мәртебесі бойынша бөліп жатқан жоқ, бірақ болашақта тексеріс орнатылуы мүмкін", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шектеу шаралары өткен жылдағыдай бар. Менің ойымша, кез келген жағдайда жеңілдік болады, қазіргі уақытта тексерістің барлығы Ashyq жүйесі арқылы жүргізіледі. Курортқа "жасыл" мәртебесі бар келушілерді ғана кіргізу керек екенін жоққа шығармаймыз. Біз осы мәселені бас санитария дәрігермен талқылап жатырмыз. "Көк" мәртебеге ие келушілер де курортқа кіруі керек деп ойлаймыз. Себебі таза ауада аурудың таралу деңгейі төмен. Бас санитария дәрігерге ұсынылған біздің алгоритміміз - "көк" мәртебеге ие келушілер сырғанауға бара алады, бірақ демалыс және мереке күндері мейрамхана, қонақүй және басқа да нысандарды пайдалана алмайды", - деп түсіндірді Әбдірахманов.

"Шымбұлақ" бойынша соңғы шешімді Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин айтады.

Айта кетейік, "Шымбұлақтың" кейбір трассаларында сырғанау маусымы 14 қарашадан бастап ашылды. Келушілер үшін "Ақ аю", "Профессор", "Жылан", "Талғар", "Солнечная долина" және "Зеленая поляна" трассалары бар. "Шымбұлақ" тау шаңғы курортының толық ашылуы 20 қарашаға жоспарланған. Қазір ең ұзын "Талғар" трассасын жарықтандыру жұмыстары аяқталуға жақын.

Өткен маусымда "Шымбұлақ" ТШК-ға 600 мыңнан астам адам келді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети