13 наурыз 2016 15:19

Шымбұлақта алматылықтарға екі мыңнан аса құймақ таратылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Шоқан Алқабаев © Шоқан Алқабаев

Алматыдағы Шымбұлақ тау шаңғы шипажайында Масленица мерекесі тойланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шипажай Іле Алатауы шатқалында, теңіз деңгейінен 2260 метр биіктікте орналасқан.


Алматыдағы Шымбұлақ тау шаңғы шипажайында Масленица мерекесі тойланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шипажай Іле Алатауы шатқалында, теңіз деңгейінен 2260 метр биіктікте орналасқан.

Қонақтарға шипажайдың бірінші асуынан бастап жүздеген құймақ тарту етілді, олар мерекеге орай әзірленген. Құймақтардың дәмді болғаны сонша, мереке басталған сәттен 15 минут ішінде ыстық құймақтар таусылып қалды. Көктем мезгілін оятып, жындарды қуу үшін халық арасында Масленица мерекесінің көңілді әрі ду-думанмен өткізілетіні белгілі. Ұйымдастырушылар бұл күні қонақтарына нағыз мереке сыйлады. Диджейлер өнер көрсетіп, халық ансамбльдері, этникалық хорлар орындалды, сонымен қатар, қонақтар қол ұстасып әндетіп, ойын ойнап, биледі және балалар мен ересектерге арналған байқаулар өтті.

Белсенді демалысты жаны сүйетін қонақтардың кейбірі шипажайда Масленица мерекесінің тойланатынын білмеген, дегенмен олар да шараға қуана қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қонақтардың саны 200-ден аспайды деп жоспарланған, алайда олардың қатары бірнеше есеге көп болды. Айта кетейік, Масленица мерекесінде дәстүр бойынша қарақшы өртеледі. Алайда ұйымдастырушылар бұл шарадан бас тартты, себебі шипажайдың едені ағаштан жасалған. 


© Шоқан Алқабаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети