Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

"Шымбұлақта" аспалы жолда ер адам кабинадан секіріп кетті

18 Шілде 2014, 15:00
0
©dimal-travel.com
©dimal-travel.com

Алматыдағы "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының аспалы жолдарында кабиналардың бірінен бір ер адам секіріп кетіп аяғын сындырды, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Шымбұлақ" МКК директоры Ержан Еркінбаевқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, мұндай оқыс оқиға кабина жол жұмысын тоқтатқан кезде, сағат шамамен 17:00 шамасында орын алған. "Оқиға "Шымбұлақ-Талғар асуы" орталық станциясында болған. Ер адам кабина мініп үлгерген уақытта аспалы жол жұмысын тоқтатып үлгерген екен. Ал жоғарғы станцияда оператор ол уақытта орнында болмаған еді. Біз қазір ол қандай жағдайда ол жерге келгенін анықтаудамыз және төменгі станцияда оны ешкім байқамағаны белгілі болып отыр. Мәселенің анық-қанығы ертең белгілі болады", - деді ол телефон арқылы.

Е.Еркінбаевтың ақпараты бойынша, зардап шеккен азамат өз бетінше кабинаға мінуге талпынған. Сол кезде екі метр биіктіктен құлап аяғын сындырған. Өзінің туысына телефон шалып, жедел жәрдем шақыруын өтінсе керек. Дәрігерлер оның аяғының сынғанын анықтап, тиісті шаралар жасалған көрінеді. Айта кететіні, оның жеке өміріне аса айтарлықтай қауіп төнбеген .

"Шымбұлақ" МКК директоры Ержан Еркінбаевтың сөзінше, төменгі станцияда аспалы жол жұмысын 17:00-де тоқтататыны туралы жазу ілінген. Қазір іште тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай