Шымбұлақта жүйткіген көлікті ресми бейнежазбадан көруге болады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
 ©Youtube.com ©Youtube.com

"Шымбұлақ" тау шаңғысы курортындағы көлік жарысының ресми бейнематериалы жария етілді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұған дейін ғаламторда осы бейнероликті әзірлеу барысында түсірілген бейнежазба пайда болған еді. Одан Subaru Legacy-дің тау баурайында сноуборд тебушілермен бірге ары-бері қиялай бұрылып, құлдилап жүргенін көруге болады. Түсірілімге кәсіби каскадерлер мен сноубордшылар қатысқан. Көлік рулінде дрифт пен автослаломнан Қазақстан чемпионаттарына қатысушы Антон Авдеев болды. Ресми бейнеролик: Бұл туралы әуесқойлар түсірген бейнежазба ғаламторда ең алғаш пайда болған кезде қолданушылардың наразылығын туғызған еді. Көпшілік автокөліктің тауға шығуына қалай рұқсат берілгеніне таңғалысқан еді. Кейін курорт жетекшілігі бұл жайттың арнайы қойылым екенін мәлімдеді. Түсірілім алдында таудағы қардың қалыңдығы мен көшкін қаупі тексерілген. Қар жабыны арнайы техниканың көмегімен тығыздалған. Түсірілім орнында өртсөндірушілер, құтқарушылар мен дәрігерлер кезекшілік атқарыпты. Курорт жетекшілерінің айтуынша, қойылым барысында каскадерлер жарақат алған жоқ.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro