Шымкент әкімі жалақысы туралы: Сіздер жақсы білесіздер

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент әкімі жалақысы туралы: Сіздер жақсы білесіздер

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жалақысы қанша екенін айтудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жалақысы қанша екенін айтудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық комитеттің баспасөз мәслихатында журналистің сауалына жауап берген әкім жалақысы басқа облыс әкімдері жалақысынан еш айырмашылығы жоқ екенін айтты.

"Бұл сұрақ БАҚ-та бірнеше рет айтылды, менің жалақым басқа әріптестерімдікі сияқты. Бұл Үкімет қаулысы бойынша бекітілген. Менің жалақымның қанша екенін сіздер жақсы білесіздер", - деп жауап берді Әйтенов.

Журналистердің азық-түлікке қанша жұмсайтыны туралы сұрағына қала басшысы тұрмыстық мәселенің бәрін жұбайы өз мойнына алғанын айтты.

"Мен мемлекеттік қызметкермін, іс жүзінде уақытым жоқ. Әйелім екеуміздің өкілеттігіміз ортақ. Ол тұрмыстық мәселелерді өз мойнына алды, сол үшін оған алғыс айтамын. Ол мұны күндіз-түні істейді, менің араласуыма рұқсат бермейді", - деп қосты Мұрат Әйтенов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети