Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2019 жылдың қорытындысы бойынша шаһар тұрғындарының алдында есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2019 жылдың қорытындысы бойынша шаһар тұрғындарының алдында есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мұрат Дүйсенбекұлы атқарылған жұмыстармен қатар, 2020 жылға жоспарланған тірліктер барысын баяндады. Алдағы үш жылдың даму бағдарламасына сәйкес, басты назар инфрақұрылымға аударылатынын атап өтті. Қалаға қосылғанын елді мекендердегі әлеуметтік мәселелер де енді жүйелі түрде шешімін табады.
Мәселен, 2022 жылы Шымкентте көгілдір отын мәселесі толығымен шешімін табады. Ал, қала аумағындағы канализация проблемасын шешу мақсатында, қуаты 150 мың метр куб. тазарту қондырғысының құрылысын алдағы үш жылда кезең-кезеңімен салу жоспарлануда.
Биылғы жылы жергілікті бюджеттен 8 елді мекенді сумен қамтитын 2 магистралды су құбырының құрылысы жүргізіледі.
Электр қуатын артыру мақсатында 220 кВ Бозарық подстанциясының құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы пайдалануға берілмек.
Сонымен қатар, екі подстанцияның құрылыстары басталды. Ол да келесі жылы пайдалануға беріледі. Жоспар бойынша биыл 227 көше жөнделеді.Ал көлік кептелісін шешу мақсатында, 13 магистралды жолды қайта құру, 2 үлкен жолайырықтың (Рысқұлов-Қонаев, Бәйдібек би - Арғынбеков) және 4 көпірдің құрылысы, Қонаев даңғылының жалғасы, А-2 айналма жолы, №1 автожол, Адырбеков көшесін қайта құру, Әл-Фараби көшесінің жалғасын салу көзделген.
2020 жыл шымкентіктер үшін маңызды жыл болмақ. Биыл Шымкент - ТМД елдерінің мәдени астанасы. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бұл Шымкенттің халықаралық аренада танылуға алғашқы қадамы екенін атап өтті. Шымкент қаласының ЮНЕСКО-мен бекітілген 2200 жылдық мерейтойына, Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларына, Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай мерекелік іс-шаралар өтетінін мәлімдеді.