Шымкент әкімі тұрғындарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Шымкентте "16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні" мерекесіне орай қала әкімінің қатысуымен Түркістан сарайында салтанатты жиын өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте "16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні" мерекесіне орай қала әкімінің қатысуымен Түркістан сарайында салтанатты жиын өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ел бақытын тербеткен - Тəуелсіздік" мерекелік жиынды Шымкент қаласының əкімі Ерлан Айтаханов ашып, құттықтау сөз сөйледі.

"Тəуелсіздік күні - Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Біз бабалар аңсаған бейбіт және тәуелсіз елде өмір сүріп отырмыз. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Аталған жетістіктерге Шымкент қаласының да қосқан үлесі зор. 1993 жылы республика бойынша Шымкенттің жалпы өңірлік өнімі 29 миллиард 423 миллион теңге болса, Тəуелсіздіктің 25 жылында бұл көрсеткіш 2 триллион 174 миллиард теңгеге өсіп отыр. Қаланың өнеркəсіп орындары 4,9 миллиард теңгенің өнімін өндірсе, бүгінде бұл саладағы жетістік 95 есе өсіп, 458 миллиард теңгеден асты.

1991 жылдан бері қаламызда 5,2 миллион шаршы метр жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Осы аталғанның бәрі - Тәуелсіздіктің сыйы. Алдымызда жауапты кезең күтіп тұр. Бір шаңырақтың астында тұрып жатқан барша халқымыздың достығы берік, бірлік мәңгі жасай берсін. Әрбір отбасыға бақыт, отанымыз - Қазақстан Республикасының игілігі жолында табыс тілеймін", - деді Ерлан Айтаханов.

Халқымызға жылдар бойы арман болған айтулы мерекеге орай, ҚР Президентінің №207 Жарлығымен бірқатар азаматтарға орден, медальдар табысталды.

"Айғақ" телерадиокомпаниясы" ЖШС бас директоры Дулат Әбіш "Парасат" орденімен, ал ардагер журналист Байдулла Қонысбек, академик М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ президенті Гүлшара Сапарбаева "Құрмет" орденін алды. Түрлі салада үздік қызмет етіп жүрген Шымкент қаласының белгілі де белсенді тұрғындары қала дамуына қосқан үлесі ерекше құрметке ие болды.

"Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымының" өнерпаздары әннен шашу шашып, салтанатты жиын көңілді ән мен жырға ұласты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro