Шымкент әкімінің орынбасарына жасалған шабуыл: тың дерек айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент әкімінің орынбасарына жасалған шабуыл: тың дерек айтылды Руслан Берденов. Фото: t.me/mazhilis_kz

Шымкент Полиция департаменті қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуыл дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу жайлы толығырақ мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент Полиция департаменті қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуыл дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу жайлы толығырақ мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаменті мәліметінше, қылмыстық іс адам өлтіруге оқталу бабы бойынша тергеліп жатыр.

Айта кетейік, Қылмыстық кодексте 24-бап бар – "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу", алайда бұл бапта жаза шаралары нақты көрсетілмеген.

"Қылмысқа дайындалғаны және қылмысқа оқталғаны үшiн қылмыстық жауаптылық осы Кодекстiң аяқталған қылмысқа арналған бабы бойынша, осы баптың тиiстi бөлiгiне сiлтеме жасала отырып туындайды", – делінген кодексте.

Бұл жағдайда аяқталған қылмыс ретінде Қылмыстық кодекстің 99-бабы – "Адам өлтіру" қарастырылады. Ең төменгі жаза – 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды. Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейінірек Руслан Берденов есін жиғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети